Todayinfo.kz
ЭкономикаСмотреть все материалы

Биыл қарапайым халыққа берілетін несиелердің пайызы тағы өсті

Екінші деңгейлі банктерде былтырғы желтоқсанмен салыстырғанда, биыл қаңтарда халыққа берген теңгелей несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі жалпы алғанда 2,8% өсіп, 20,7% болды. Құжатқа сәйкес, халыққа 3 айдан 1 жылға дейінгі мерзімге берілген теңгелей несиелердің ең арзаны – 18,7%

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Биыл қарапайым халыққа берілетін несиелердің пайызы тағы өсті
Екінші деңгейлі банктерде былтырғы желтоқсанмен салыстырғанда, биыл қаңтарда халыққа берген теңгелей несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі жалпы алғанда 2,8% өсіп, 20,7% болды. Құжатқа сәйкес, халыққа 3 айдан 1 жылға дейінгі мерзімге берілген теңгелей несиелердің ең арзаны – 18,7%, ең қымбаты – 1 айға дейінгі мерзімге 33,2%. Заңды тұлғаларға теңгемен берілген несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі 0,2%, яғни 18,5%-ға дейін төмендеді. Шетел валютасындағы несиелер бойынша мөлшерлеме өзгерген жоқ, ол 5,7% болды. Қаңтар айында бизнес үшін теңгедегі ең қымбаты ұзақ мерзімді несиелер (5 жылдан астам мерзімге – 19,6%) болды. Ал ең арзаны: 1 айдан 3 айға дейінгі мерзімге – 18,2%.  

Похожие материалы

Биыл қарапайым халыққа берілетін несиелердің пайызы тағы өсті · Todayinfo