«Ата-аналардың нарықтағыдан төмен бағада мектеп формалары мен кеңсе тауарларын сатып алуы үшін арнайы мектеп жәрмеңкелері ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, Талдықорған және Текелі қалаларында орталық арбатта, Көксу ауданында Балпық би ауылында Қабан жырау көшесі, 17-үйде орналасқан «Дастан» сауда үйінің алдында, Қаратал ауданы Үштөбе қаласында Желтоқсан көшесі, 1 мекенжайындағы «Бәйтерек» сауда үйінің алдында, Сарқан ауданы Сарқан қаласы Тынышпаев көшесіндегі орталық алаңда осындай жәрмеңкелер өтіп жатыр. Алдағы уақытта Ақсу ауданы Жансүгіров ауылындағы, Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылындағы орталық базарларда, Алакөл ауданы Үшарал қаласында Д. Қонаев көшесі, 73 мекенжайында орналасқан «Достық» сауда үйінің алдында, Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылы Момышұлы көшесіндегі орталық алаңда, Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы мәдениет үйінің алдында мектеп жәрмеңкелерін ұйымдастыру жоспарда бар», - делінген облыстық білім басқармасының хабарламасында.Жалпы, Жетісу облысы жаңа оқу жылын 130 мыңнан астам оқушымен бастаса, соның 13 мыңға жуығы бірінші сынып оқушылары болмақ.
Биыл Жетісу облысында 41 мыңнан астам оқушының мектепке жиналуына көмек көрсетіледі
Биыл Жетісу облысында 41 мыңнан астам оқушының мектепке жиналуына көмек көрсетіледі. Соның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 25 мыңдай балаға жалпы білім беру қорынан жәрдем жасалса, 16 650 балаға «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында қолдау көрсетілмек, деп

Биыл Жетісу облысында 41 мыңнан астам оқушының мектепке жиналуына көмек көрсетіледі. Соның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 25 мыңдай балаға жалпы білім беру қорынан жәрдем жасалса, 16 650 балаға «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында қолдау көрсетілмек, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыстық білім басқармасының мәліметіне қарағанда, Жетісу облысында әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы 25 мыңдай балаға мектеп формасы мен кеңсе тауарларын алуға
1,1 млрд. теңге бөлінген. Бүгінгі күні аталған қаражат ата-аналардың жеке есеп шоттарына толығымен аударылды.
Сол сияқты облыста республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында тамыз айының алғашқы жартысында 8400-ден астам балаға көмек көрсетілді, атап айтқанда мектеп формасы, аяқ киім, кеңсе тауарлары берілді. Жалпы 16 650 бала көмекпен қамтылады деп жоспарланған. Қайырымдылық көмек шарасына кәсіпкерлер, этно-мәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар т.б. белсене атсалысуда. Акция 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
Похожие материалы

Жетысуская область
109 административных протоколов: на жетысуском побережье Алаколя применяются жесткие меры к лицам, нарушающим правила эксплуатации водного транспорта
Айдар Керім·

Жетысуская область
109 әкімшілік хаттама: Жетісудағы Алакөл жағалауында су көліктерін пайдалану қағидаларын бұзған тұлғаларға қатаң шара қолданылуда
Айдар Керім·

Жетысуская область
Ұлттық домбыра күні: Жетісуда домбырашылар әлемнің 10 елінің музыканттарымен тікелей эфирде бірге «Алқиса» күйін бір мезетте орындады
Жаннұр Еділбаева·

Жетысуская область
В Жетісу участникам конференции, посвящённой обновлённой Конституции, вручили специальное издание Основного Закона страны
Айдар Керім·