Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Бізге кішкене ренжіді ғой»: қазақтың «Қожасын» бір топ адам ақтық сапарға шығарып салды

Бүгін Алматы қаласында Жазушылар одағында Қазақстан халқының еңбек сіңірген қайраткері, киносценарист, жазушы, философия ғылымдарының кандидаты Нұрлан Сегізбаевты жұрт ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Todayinfo Qaz365.kz . сайтына сілтеме жасап. Марқұммен қоштасу барыс

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
«Бізге кішкене ренжіді ғой»: қазақтың «Қожасын» бір топ адам ақтық сапарға шығарып салды

Бүгін Алматы қаласында Жазушылар одағында Қазақстан халқының еңбек сіңірген қайраткері, киносценарист, жазушы, философия ғылымдарының кандидаты Нұрлан Сегізбаевты жұрт ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Todayinfo Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Марқұммен қоштасу барысында сөз сөйлеген актер әрі кинорежиссер Болат Ғалымбетов бала күннен бірге өскен досының көкейінде орындалмай қалған армандары болғанын айтты. Ол Нұрлан Сегізбаевтың шығармашылығына жеткілікті деңгейде көңіл бөлінбегеніне іштей қынжылғанын жасырмады.

«Жасыратын несі бар?! Бізге кішкене ренжіді ғой. Себебі оған дұрыс көңіл бөлінген жоқ. Керемет-керемет сценарийлары іске аспай қалды. Ол өзінің өмірінің аз қалғанын сезді. “Маған қашан мүмкіндік береді?” дейтін. Сосын өзім де кино түсіре алмай жүргенімді айтатынмын», — деді ол.

Айта кетейік, Нұрлан Санжарұлы желтоқсан айының басында ғана Жазушылар одағына мүше ретінде кірген болатын.  Бұл жайлы ол шәкірттеріне:

«Жастық шақта қосылу керек еді. Қазір денсаулық керек. Біздің өмір қайғылы», — деп соңғы хаттарында жазған.

Еске салайық, Нұрлан Сегізбаев 26 желтоқсан күні дүниеден өтті. Ол қазақ киносының алтын қорына енген «Менің атым Қожа» фильміндегі басты кейіпкердің рөлін сомдап көрерменнің жүрегінде мәңгі сақталды.

Марқұм тірі болғанда, 28 қаңтар күні 75 жасқа толар еді.

Фото: Qaz365.kz

Похожие материалы

«Бізге кішкене ренжіді ғой»: қазақтың «Қожасын» бір топ адам ақтық сапарға шығарып салды · Todayinfo