Алматы қаласының Алмалы аудандық соты заңгер әрі блогер Әділетхан Молдаханға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Сот шешімімен ол 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, 5 жыл мерзімге әлеуметтік желілерде ақпарат жариялауға тыйым салынды.
Сондай-ақ сот Молдаханды жәбірленушілер Серік Шұмаев пен Ержан Ұзабаевқа моральдық өтемақы ретінде 2 миллион теңгеден төлеуге міндеттеді. Бұдан бөлек, сот шығындарын өтеу үшін 1 миллион теңге өндірілетін болды.
Бұған дейін оған Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша онлайн-платформалар арқылы көрінеу жалған ақпарат таратты деген айып тағылған еді.
Кейін іс аталған баптың 3-бөлігі бойынша қайта сараланды.




