Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Блогерлерден 200 мың теңге пара алған полицейлерге іс қозғалды

Беларусь блогерлерін Сайрам-Шымкент тас жолында жол полициясы тоқтатып, «техникалық тексеруден өтпегенсіздер» деген сылтаумен 200 мың теңге пара алған. Бүгін Мәжілісте журналистердің сұрағына жауап берген ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха олардың жұмыстан кеткенін ай

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Блогерлерден 200 мың теңге пара алған полицейлерге іс қозғалды

Беларусь блогерлерін Сайрам-Шымкент тас жолында жол полициясы тоқтатып, «техникалық тексеруден өтпегенсіздер» деген сылтаумен 200 мың теңге пара алған. Бүгін Мәжілісте журналистердің сұрағына жауап берген ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха олардың жұмыстан кеткенін айтты, деп хабарлайды Todayinfo.

«Қазір бұл қызметкерлерге қатысты тексеру жүргізіп, іс қозғадық. Олар енді полиция қатарында жұмыс істемейді», - дейді ол.

Айта кетейік, бұл оқиғаны Беларусь блогерлері видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салғаннан кейін резонанс туған еді.

фото: polisia.kz

Похожие материалы

Блогерлерден 200 мың теңге пара алған полицейлерге іс қозғалды · Todayinfo