27 қаңтарда полиция органдарына көршілер арасындағы жанжал туралы хабарлама түсті. Барлық келіп түскен өтініштер бойынша қылмыстық істер тіркелді. Жәбірленушілерге денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлық дәрежесін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар мен тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы жан-жақты, толық және объективті тергеу амалдары жүргізілуде. Қорытынды процессуалдық шешім барлық тағайындалған сараптамалардың нәтижелері бойынша және ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес қабылданатын болады, - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД Баспасөз қызметі.
Боксшы Данияр Елеусіновтің әйелі көршілерін соққыға жықты деп айыпталуда
Қарағандының Майқұдық ауданында Олимпиада чемпионы, танымал боксшы Данияр Елеусіновтің жарына қатысты шу шықты, деп жазады Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Жергілікті тұрғын Асель Жабықбаеваның айтуынша, кешкі уақытта анасының үйіне белгісіз біреу келіп, есікті қатты қаққан. Үй и

Қарағандының Майқұдық ауданында Олимпиада чемпионы, танымал боксшы Данияр Елеусіновтің жарына қатысты шу шықты, деп жазады Todayinfo.kz ақпараттық порталы.
Жергілікті тұрғын Асель Жабықбаеваның айтуынша, кешкі уақытта анасының үйіне белгісіз біреу келіп, есікті қатты қаққан. Үй иелері есікті ашқанда, келген әйел өзін көршінің немересімін деп таныстырып, наразылығын білдіре бастаған.
Асельдің сөзіне сенсек, өзара сөзге келіспеушілік соңы төбелеске ұласқан. Ол келген әйелдің өзіне қол көтергенін айтады. Сондай-ақ, пәтерге іле-шала кірген қарт адам (әйелдің атасы) Асельдің анасын басынан ұрған көрінеді.
Өз кезегінде боксшының жұбайы Саида Елеусінова бұл айыптаулармен келіспейтінін айтты. Ол болған жағдайды әдейі ұйымдастырылған арандату деп бағалап, өзіне тағылған кінәні жоққа шығарды.
Похожие материалы

Общество
Дожди накрыли Астану: за день выпала почти месячная норма осадков
Айдар Керім·

Общество
«Анам қайнысымен шаңырақ көтерді»: Мұхаммеджан Тазабек отбасына қатысты шындықты айтты
Айғаным Нариманова·

Общество
Алаяқтарға алданған зейнеткер Алматыдағы екі бөлмелі пәтерінен айырылды
Айдар Керім·

Общество
«Говно-казахи!»: Жақында істі болған блогер Жанабыловтың әйелінің ұлтты қорлаған жазбасы тарады
Айғаным Нариманова·