Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Болашақ» түлегі мемлекетке оқу шығынын қайтаруға міндеттелді

Фото: dauletten.kz «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша оқып, бірақ еңбек міндеттемесін толық орындамаған түлек мемлекетке оқуына жұмсалған қаражатты қайтаруға міндеттелді. Бұл туралы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты шешім шығарды,деп хабарлайды

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
«Болашақ» түлегі мемлекетке оқу шығынын қайтаруға міндеттелді
Фото: dauletten.kz «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша оқып, бірақ еңбек міндеттемесін толық орындамаған түлек мемлекетке оқуына жұмсалған қаражатты қайтаруға міндеттелді. Бұл туралы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты шешім шығарды,деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. 2017 жылы Ұлыбританияда магистратура бітірген түлек бағдарлама шартына сәйкес, Қазақстанда кемінде 5 жыл жұмыс істеуі тиіс еді. Алайда ол тек 1489 күн жұмыс істеп, 2021 жылдың сәуірінде елден кетіп, қалған 336 күнді қашықтан жұмыс істеумен өтеген. Сот онлайн жұмысты еңбекпен өтеу мерзіміне қоспай, түлектің келісімшарт талабын орындамағанын анықтады. Осыған байланысты оның стипендиясы кері қайтарылып, оқуына жұмсалған қаржы өндірілетін болды. Айта кетейік, «Болашақ» бағдарламасының түлектері Астана мен республикалық маңызы бар қалаларда 5 жыл, ал басқа өңірлерде 3 жыл міндетті түрде жұмыс істеуі тиіс.

Похожие материалы

«Болашақ» түлегі мемлекетке оқу шығынын қайтаруға міндеттелді · Todayinfo