Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Бос әңгіме, құрғақ уәдемен шаршаттың»: белгілі журналист уағызшы-депутат Ардақ Назаровты жекпе жекке шақырды

Фото: коллаж Todayinfo.kz Белгілі журналист Гүлбану Әбенова депутат Ардақ Назаровты жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Журналист Назаровты тікелей эфирге қосылып, маңызды сұрақтарға жауап беруге шақырды. “Мен, журналист ретінде, сізді ММА ережесі

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
«Бос әңгіме, құрғақ уәдемен шаршаттың»: белгілі журналист уағызшы-депутат Ардақ Назаровты жекпе жекке шақырды
Фото: коллаж Todayinfo.kz Белгілі журналист Гүлбану Әбенова депутат Ардақ Назаровты жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Журналист Назаровты тікелей эфирге қосылып, маңызды сұрақтарға жауап беруге шақырды.
“Мен, журналист ретінде, сізді ММА ережесі бойынша ашық жекпе-жекке шақырамын. Шығыңыз тікелей эфирге - сол біздің октагонымыз болсын! Сөз жеткілікті. Бос әңгімеден, ертегіден және күмәннен шаршадық. Халыққа көп уәде бердіңіз, көп сөз айттыңыз. Енді сөз емес, іс қажет. Тікелей эфирде менің сұрақтарыма жауап беріңіз: сіздің біліміңіз, еңбек жолыңыз, өмірбаяныңыз - бәрі халық алдында ашық айтылсын”, - дейді журналист.
Ол Назаровқа қолғаптың орнына дипломдарын, студент кезіңізде түскен суреттерін ала келуін айтты.
“Курстастарыңызбен түскен фотоларыңызды көрсетіңіз. Халық бәрін өз көзімен көрсін. Бұл - тек жекпе-жек емес. Бұл - шындық, әділет пен ақиқат үшін айқас. Сіздің жұдырығыңызда халық тұр деп мақтанасыз, ал менің қаламымда халық тұр. Халықты алдамағаныңызды дәлелдеңіз. Егер шынымен ер азамат болсаңыз - октагонға шығып, соны дәлелдеңіз! Мені «тәтешка» деп сылтау айтушы болмаңыз! Еркек болсаңыз - шығыңыз!”, - дейді Әбенова.

Похожие материалы

«Бос әңгіме, құрғақ уәдемен шаршаттың»: белгілі журналист уағызшы-депутат Ардақ Назаровты жекпе жекке шақырды · Todayinfo