БҚО-да тәртіпті қадағалау қалай өзгерді: бейнебақылау мен смарт-жетондар
БҚО-да полициямен байланыс цифрландырылып, 300 бейнекамера, смарт-жетондар мен дрондар іске қосылды.

Батыс Қазақстан облысында қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған цифрлық жаңалықтар енгізілді. Бұл туралы Полиция департаменті «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында хабарлады.
Жаңашыл бастамалар азаматтарға полициямен онлайн байланыс орнатуға мүмкіндік береді, сондай-ақ өңірде жедел әрекет пен құқықтық бақылау деңгейі артып отыр.
Енді тұрғындар полицияға «eGov Mobile», «Kaspi.kz» және «Halyk Bank» мобильді қосымшалары арқылы цифрлық жолмен тікелей арыз түсіре алады.
Бөрлі, Бәйтерек және Сырым аудандарында жедел басқару орталықтары құрылды. Бұл орталықтар 246 бейнекамера және 11 жылдамдық бақылау жүйесімен жабдықталған.
Похожие материалы

Новости
Межпартийные теледебаты выйдут в эфире республиканских телеканалов
Жаннұр Еділбаева·

Новости
БАҚ өкілдері ағартушылық жұмыс арқылы елдік мүддеге қызмет ету керек - Нұркен Асанов
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Жеребьевка в ЦИКе: в каком порядке партии будут представлены в бюллетене?
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Орталық сайлау комиссиясында жеребе тарту өтті: саяси партиялар сайлау бюллетенінде қандай ретпен орналасады?
Жаннұр Еділбаева·