Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Бұдан былай жол үстінде намаз оқуға тыйым салынады

Қазақстанда жол үстінде намаз оқуға тыйым салынады. Яғни басқа адамдардың қозғалысына кедергі келтіріп құлшылық жасауға болмайды. Ондай әрекет заңға ғана емес, діни ережеге де қайшы екен, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Бүгінде қалаларда, әсіресе Алматыда жұма күнд

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Бұдан былай жол үстінде намаз оқуға тыйым салынады
Қазақстанда жол үстінде намаз оқуға тыйым салынады. Яғни басқа адамдардың қозғалысына кедергі келтіріп құлшылық жасауға болмайды. Ондай әрекет заңға ғана емес, діни ережеге де қайшы екен, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Бүгінде қалаларда, әсіресе Алматыда жұма күндері құлшылық ететін орындарда кептеліс болып, ғимаратқа сыймаған адамдардың көшеге дейін шығып кететіні жиі байқалады. Сол себепті діни басқарма өкілдері намазға уақытында келіп, көліктерін өзгелерге кедергі келтірмейтін тұрақтарға қою керегін ескертті.
“Көлікпен болсын, өзі болсын жолды жауып тастап, намаз оқығанша, одан да оның оқымай-ақ қойғаны дұрыс. Неге? Себебі парыздан бұрын бірінші нәрсе бар. Адамдарға зиян тигізбеу, денсаулыққа зиян келтірмеу бірінші орында тұрады. Дені сау болмаса, құлшылық жасай алмайды”, – деді Алматы орталық мешітінің наиб имамы Бауыржан Көптілеуов.

Похожие материалы

Бұдан былай жол үстінде намаз оқуға тыйым салынады · Todayinfo