Бүгін республикалық маңызы бар қай жолдар жабық
Фото: Shutterstock/FOTODOM «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады, деп жазады Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Ұлттық компанияның мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар бірнеше автожолда көліктің б

Фото: Shutterstock/FOTODOM
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады, деп жазады Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық компанияның мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар бірнеше автожолда көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
Солтүстік Қазақстан облысы
• «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолы, 341-473-шақырым (Ақмола облысының шекарасы – Бескөл ауылы);
• «Көкшетау – Рузаевка» автожолы, 61-196-шақырым (Ақмола облысының шекарасы – Рузаевка ауылы);
• KAZ03 «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай (РФ аумағын айналып өту, Қайрақ өткізу бекеті)» автожолы, 729-856-шақырым (Қостанай облысының шекарасы – Ақмола облысының шекарасы);
• «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы, 595-796-шақырым (Ақмола облысының шекарасы – Сергеевка ауылы);
• «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолы, 341-473-шақырым (Ақмола облысының шекарасы – Бескөл ауылы).
Қостанай облысы
• «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолы, 108-232-шақырым (Әулиекөл кенті – Ақмола облысының шекарасы);
Ақмола облысы
• «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы, 537-552-шақырым (Бозылдық кенті – Сұрған кенті);
• «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы, 537-595-шақырым (Қостанай облысының шекарасы – Бозылдық кенті);
• «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолы, 18-234-шақырым (Астана қаласы – Щучинск қаласы);
• «Көкшетау – Рузаевка» автожолы, 0-61-шақырым (Көкшетау қаласы – СҚО шекарасы);
• «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолы, 242-304-шақырым (Щучинск қаласы – Көкшетау қаласы);
• осы автожолдың 304-341-шақырымы (Көкшетау қаласы – СҚО шекарасы);
• «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолы, 232-260-шақырым (Қостанай облысының шекарасы – Сұрған кенті);
• «Жақсы – Есіл – Бозылдық» автожолы, 0-71-шақырым (Жақсы кенті – Ақсай кенті);
• осы автожолдың 71-82-шақырымы (Ақсай кенті – Бозылдық кенті);
• «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолы, 856-915-шақырым (Жақсы кенті – СҚО шекарасы);
• осы автожолдың 915-1002-шақырымы (Атбасар кенті – Жақсы кенті).
Ақтөбе облысы
• «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолы, 11-337-шақырым (Ақтөбе қаласы – Атырау облысының шекарасы).
Атырау облысы
• осы автожолдың 337-346-шақырымы (Ақтөбе облысының шекарасы – Сағыз кенті).
Шығыс Қазақстан облысында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.
Сонымен бірге «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы жолайрықтың көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жолайрығы учаскесі жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.
Ауа райы
2026 жылғы 6 қаңтарда Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Қостанай, Абай және Павлодар облыстарында қар аралас жаңбыр мен қар жауады.
– Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, - деп ескертті компания.
Похожие материалы

Новости
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Новости
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·