Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Бүгін Шерзат Полат ісі қайтадан қаралады

Бүгін, 18 тамызда Қонаев қаласында Шерзат Полатты өлтіргені үшін сотталғандардың апелляциялық шағымы қаралады, деп хабарлайды todayinfo.kz – Біз командамызбен сотқа дайындалып отырмыз. 18 тамызда 8 сотталушының апелляциялық шағымы Алматы облыстық сотының ғимаратында Қонаев қаласы

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Бүгін Шерзат Полат ісі қайтадан қаралады
Бүгін, 18 тамызда Қонаев қаласында Шерзат Полатты өлтіргені үшін сотталғандардың апелляциялық шағымы қаралады, деп хабарлайды todayinfo.kz
– Біз командамызбен сотқа дайындалып отырмыз. 18 тамызда 8 сотталушының апелляциялық шағымы Алматы облыстық сотының ғимаратында Қонаев қаласында қаралады, – деп мәлімдеді адвокат.
Сонымен қатар, төбелес болған оқиға орнында жүрген екі қыз – Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелді қатысты іс қаралатын болады. Одан қалса куәгер Юлдаш Розыбакиев пен Арлан Қазыкеновке қатысты шыққан бірінші сатының жеке қаулысына келтірілген Жақсыгелді Дананың жеке шағымы да сол сот отырысында қаралмақ.

Похожие материалы

Бүгін Шерзат Полат ісі қайтадан қаралады · Todayinfo