Todayinfo.kz
АКОРДАСмотреть все материалы

Бұл – айтулы жетістік!: Президент боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады

Фото: Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы. "Назым Қызайбайды отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін Әлем чемпионы болуымен құттықтаймын. Бұл – айтулы жетістік! Сербияда өтіп жат

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Бұл – айтулы жетістік!: Президент боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы.
"Назым Қызайбайды отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін Әлем чемпионы болуымен құттықтаймын. Бұл – айтулы жетістік! Сербияда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтамын. Спортшы қыздарымыздың алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдіремін", – деп жазды Мемлекет басшысы Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында.
Осыған дейін жазғанымыздай, Назым Қызайбай қазақстандық боксшылардан алғаш рет үш дүркін әлем чемпионы атанды.

Похожие материалы

Бұл – айтулы жетістік!: Президент боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады · Todayinfo