Todayinfo.kz
Шоу-бизнесСмотреть все материалы

«Бұл күнді көп күттім»: Марат Омаров Лас-Вегаста өнер орталығын ашты

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Марат Омаров АҚШ қаласы Лас-Вегаста өнер орталығын ашқанын жария етті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Әнші бұл көптен күткен арманы екенін атап өтті. «Тәуелсіздік күні – Америкада, Лас Вегаста өнер орталығымның есігін аштым. Бұл

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
«Бұл күнді көп күттім»: Марат Омаров Лас-Вегаста өнер орталығын ашты
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Марат Омаров АҚШ қаласы Лас-Вегаста өнер орталығын ашқанын жария етті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Әнші бұл көптен күткен арманы екенін атап өтті.
«Тәуелсіздік күні – Америкада, Лас Вегаста өнер орталығымның есігін аштым. Бұл – менің көптен күткен арманым бұл сенімділік, еңбек пен табандылықтың жемісі. Қазақ өнері әлемге танылып, өнер шекарадан ассын деген ниет. Тәуелсіз елімнің атын биік ұстап, өнер арқылы тарих жазу – мен үшін үлкен жауапкершілік», – деп жазды Марат Омаров.
Өнер иесінің қызы Зарина Омарова да әкесін қуанышты сәтімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
«Папа, Лас-Вегас төрінде ашылған өнер орталығыңызбен құттықтаймын. Нағыз өнерлі өнерпаздар шығатына күмәнім жоқ. Сіз өзіңізде жас кезіңізден қаншама шәкірт тәрбиеледіңіз., соның ішінде өзім де бармын. Сізге тілерім тек сәттілік және өмірге деген өнерге деген шабытыңыз ешқашан таусылмасын Менің оқырмандарым құттықтап қойсаңыздар болады», – деді З. Омарова.

Похожие материалы

«Бұл күнді көп күттім»: Марат Омаров Лас-Вегаста өнер орталығын ашты · Todayinfo