Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Бұрын да бірнеше рет кеткен»: Алматы полициясы Бағанашылдан қашқан қос қызға қатысты іс қозғады

Алматы қаласының Бостандық ауданындағы №1 балалар үйінен екі кәмелетке толмаған қыз қашып кеткен еді.  Оларды полиция іздеп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.  «Бұған дейін кәмелетке толмағандар мекемеден бірнеше рет өз бетімен кетіп қалған. Әр жолы олардың орналасқан жер

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
«Бұрын да бірнеше рет кеткен»: Алматы полициясы Бағанашылдан қашқан қос қызға қатысты іс қозғады
Алматы қаласының Бостандық ауданындағы №1 балалар үйінен екі кәмелетке толмаған қыз қашып кеткен еді.  Оларды полиция іздеп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo. 
«Бұған дейін кәмелетке толмағандар мекемеден бірнеше рет өз бетімен кетіп қалған. Әр жолы олардың орналасқан жері анықталып, полиция қызметкерлерінің күшімен қайта жеткізілген. Қазіргі уақытта олардың қай жерде жүргенін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция бұл жағдайға қатысты мекеме басшылығына бұған дейін де ескерту жасалғанын айтты.
«Осындай оқиғаларға байланысты біз мекеме әкімшілігімен бірнеше рет профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Әсіресе тәрбиеленушілерге бақылауды күшейту қажеттігін айттық», – деп атап өтті полиция өкілдері.
Айта кетсек, екі қыз 18 шілдеден бері байланысқа шықпаған. LIDER.KZ еріктілерінің мәліметінше, із-түссіз жоғалғандар: – Кристина Белгородская, 2009 жылы туған – Маргарита Черепанова, 2010 жылы туған Қыздар таңертең ерте балалар үйінен кетіп қалған. Мекеме Сыргабеков көшесі, 22 мекенжайында орналасқан. Кристина Белгородскаяның белгілері: – бойы: 155–157 см – дене бітімі: орташа – шашы: ұзын, ашық қоңыр – көзі: қоңыр – киімі: қара футболка, қара шалбар Маргарита Черепанованың белгілері: – бойы: 165 см – дене бітімі: орташа – шашы: ұзын, қара – көзі: қоңыр – киімі: қара футболка, көгілдір джинсы Іздеумен айналысатын еріктілер мен полиция қыздардың қайда екені туралы қандай да бір ақпараты бар тұрғындардан шұғыл түрде құқық қорғау органдарына немесе волонтёрлерге хабарласуды сұрайды. Фото: LIDER

Похожие материалы

«Бұрын да бірнеше рет кеткен»: Алматы полициясы Бағанашылдан қашқан қос қызға қатысты іс қозғады · Todayinfo