Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Бұрынғы Төреғали емеспін»: өнерді тастайтынын айтқан әнші адасқанын айтып ағынан жарылды

Белгілі әнші Төреғали Төреәлі желідегі парақшасында бейнежазба жариялады. Сахнадан кетемін деп елді шулатқан ол қолына домбырасын алып, өнерсіз өмір сүре алмайтынын айтты, деп хабарлайды Todayinfo . «Бір кездері мен де адастым. Қателестім. Біреуді ренжіттім. Біреудің үмітін ақтай

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
«Бұрынғы Төреғали емеспін»: өнерді тастайтынын айтқан әнші адасқанын айтып ағынан жарылды

Белгілі әнші Төреғали Төреәлі желідегі парақшасында бейнежазба жариялады. Сахнадан кетемін деп елді шулатқан ол қолына домбырасын алып, өнерсіз өмір сүре алмайтынын айтты, деп хабарлайды Todayinfo.

«Бір кездері мен де адастым. Қателестім. Біреуді ренжіттім. Біреудің үмітін ақтай алмадым. Сол үшін шын жүректен кешірім сұраймын…Мен енді бәрін қайтадан бастауға бел будым», – дейді ол.

Сөз арасында Төреғали Төреәлі Астанаға жаңа өмір бастау үшін көшіп келгенін айтып қалды.

«Жаңа қала. Жаңа өмір. Жаңа команда. Жаңа парақ. Жаңа-ескі-жаңа продюсерімде қасымда. Бәрі нөлден басталып жатқандай…Мен өнерден кеткен жоқпын. Өнер – менің өмірім… Бірақ мен енді бұрынғы Төреғали емеспін. Мен – бүгінгі, шынайы, өмірге қайта оралған Төре ұлдарыңызбын! Рахмет сіздерге! Жазған әрбір жылы пікірлеріңізді оқып, жүрегім жылып жатыр. Демек, мен әлі де керек екенмін ғой… – деген ой жанымды жұбатады», – деді ол.

Похожие материалы

«Бұрынғы Төреғали емеспін»: өнерді тастайтынын айтқан әнші адасқанын айтып ағынан жарылды · Todayinfo