200 млрд теңге: БЖЗҚ қаржысын жалған тіс емдеу құжаттарымен шешкендер тексеріліп жатыр
Қаржылық мониторинг агенттігі БЖЗҚ-дан ақшаны жалған тіс емдеу құжаттарымен шешу ісін тергеп жатыр. Сома 200 млрд теңгеден асады.

Қаржылық мониторинг агенттігі БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын заңсыз шешу деректерін тергеп жатыр: күдіктілер ақша алу үшін жалған стоматологиялық келісімшарттар мен медициналық анықтамалар жасаған, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Тергеу мәліметіне қарағанда, қылмыстық тізбекке 42 стоматологиялық клиника қатысқан. Олар азаматтарға құжат рәсімдеп беруді «жеңілдетіп», соның ақысын қосымша комиссия түрінде алған.
Күдіктілер «көмек» көрсеткені үшін шешілген соманың 10–20 пайызын алып отырған. Тергеушілер анықтаған алдын ала есеп бойынша, заңсыз шығарылған қаражат 200 млрд теңгеден асып кеткен.
Агенттік 11 адамды қамауға алып, тағы 3 күдіктіні үйқамаққа жіберген. Тергеу жалғасып жатыр.
Похожие материалы

Новости
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

Новости
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·