Атырауда жоғалып кеткен отбасының оқиғасынан кейін ел ішіне танылған Нұрлан есімді хакер өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.
Сондай-ақ ол өзіне шүйліккендерді қорқытуға тырысқан.«Ескерту! Журналистерің болсын, басқасы болсын менің атымнан хайп ұстамандаршы. Өздеріңе қарар алсаңдаршы. Біреуінің інісі – қылмыскер, бірақ жоғары жақта отыр. Енді біреуінікі тағы бірдеңе… Әлде факті әкеліп беру керек пе сендерге? … Жұмыстарыңды жасаңдар, одан бөлек айтарым: мына іс (жоғалған отбасының ісі) не болып жатыр? Ашылатын түрі барма? Қайда енді Сұлтан? Халыққа көмектескендерді тез іздейсіздер ғой. Қылмыскер қайда?», – деп ашынған хакер.
«Маған қатысты «Ешбір қызметкер кезінде қысым көрсетпеген. Ол жауаптан қашу үшін айтып отыр» деп ресми ақпарат шығарып қойған. Жарайды. Онда мен бүгін кім қысым көрсетті солардың аты-жөнін ресми саламын. Дәлелмен, қай жерде, бірақ сөзбен ғана емес, нақты материалдармен! Мысалы, аудио және видео жазбалар арқылы», – деді жазба авторы.




