Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Дарико Хасанғалиева: «Екі бөлмелі емес, бізге төрт бөлмелі пәтер керек»

Қазақстанның халық артисі, сазгер әрі әнші Ескендір Хасанғалиевтің жары Дарико Хасанғалиева жақында берген сұхбатында отбасылық өміріндегі бір ерекше сәтті бөлісті. Ол бұрынғы әкімнің алдында пәтер сұраған кезінде алғаш рет күйеуінің алдына шығып сөйлегенін еске алды, деп хабарла

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Дарико Хасанғалиева: «Екі бөлмелі емес, бізге төрт бөлмелі пәтер керек»
Қазақстанның халық артисі, сазгер әрі әнші Ескендір Хасанғалиевтің жары Дарико Хасанғалиева жақында берген сұхбатында отбасылық өміріндегі бір ерекше сәтті бөлісті. Ол бұрынғы әкімнің алдында пәтер сұраған кезінде алғаш рет күйеуінің алдына шығып сөйлегенін еске алды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
«Аға, Біржан баламыз бар, Ескендір ән жазады. Тұрып жатқан пәтеріміз кішірек болып жүр», — дедім. Сол кезде Ескендір ағаларыңыз: “екі бөлмелі пәтер жарайды” деді. Аяғынан түртіп қалдым, өмірімде бірінші рет. “Жоқ, аға, бізге екі емес, төрт бөлмелі пәтер керек” деп, әдемілеп жеткіздім. Сол кезде әкім: “Дарико жарады”, — деген еді», — деп еске алды ол.
Ескендір Хасанғалиев – қазақ музыка өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған сазгер, орындаушы және Қазақстанның халық артисі. Ол 2021 жылы өмірден озды. Артында өшпес әндер мен өнерге адал жары Дарико Хасанғалиева қалды.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ЖУРНАЛИСТ Асмира Ермекқызы (@asmira.yermekqyzy)

Похожие материалы

Дарико Хасанғалиева: «Екі бөлмелі емес, бізге төрт бөлмелі пәтер керек» · Todayinfo