Todayinfo.kz
ОбществоСмотреть все материалы

Депутат дабыл қақты: Қазақ әйелдері шетелдіктерге бала туып беруін тоқтата ма?

Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрым Үкіметке шұғыл сауал жолдап, шетелдік азаматтар үшін Қазақстанда суррогат ана қызметін пайдалануға түбегейлі тыйым салуды ұсынды. Халық қалаулысының пікірінше, еліміз заңнаманың жұмсақтығынан шетелдіктер үшін арзан «репродуктивті туризм» орталығына

Автор Мейіржан Әуелханұлы··2 мин чтения
Депутат дабыл қақты: Қазақ әйелдері шетелдіктерге бала туып беруін тоқтата ма?

Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрым Үкіметке шұғыл сауал жолдап, шетелдік азаматтар үшін Қазақстанда суррогат ана қызметін пайдалануға түбегейлі тыйым салуды ұсынды. Халық қалаулысының пікірінше, еліміз заңнаманың жұмсақтығынан шетелдіктер үшін арзан «репродуктивті туризм» орталығына айналып барады. Бұл туралы Todayinfo порталы хабарлайды.

Бұл мәселе Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қарауына ұсынылды. Депутаттың пайымдауынша, қазіргі жағдай ұлттық қауіпсіздік пен генофондқа қатер төндіріп тұр.

Неге Қазақстан «бала фабрикасына» айналды?

Көршілес Ресей мен Қытайда суррогат ана болуға толық тыйым салынған немесе қатаң шектеулер қойылған. Осының салдарынан бала сүйгісі келетін шетелдіктер ағыны заңы либералды Қазақстанға бұрылған.

Гүлдара Нұрым Грузияның ащы тәжірибесін мысалға келтірді. Ол жақта бақылаусыз трансшекаралық суррогаттық аналықтың кесірінен балалардың азаматтығын анықтау қиындап, құқықтық даулар көбейген.

«Ата-аналықты өзара мойындамау салдарынан бала азаматтығы жоқ күйге түсуі мүмкін. Ал қаржылық мұқтаждықтан осы қадамға барған жас қазақстандық әйелдер ауыр психологиялық жарақат алып жатыр», — делінген сауалда.

«Бала саудасы» және шетелдік агенттіктер

Депутаттың айтуынша, қазіргі таңда қазақстандық ЭКҰ (экстракорпоралды ұрықтандыру) клиникаларымен шетелдік агенттіктер белсенді жұмыс істеп жатыр. Олар жергілікті әйелдердің биологиялық материалын және денсаулығын коммерциялық мақсатта пайдалануда.

Бұл саладағы бақылаудың жоқтығы:

  • Баланы «тауар» ретінде саудалауға;

  • Адам саудасының жаңа түрлерінің пайда болуына;

  • Әйелдердің денсаулығына нұқсан келуіне әкеліп соғуы мүмкін.

Депутат қандай шешім ұсынды?

Қалыптасқан жағдайды реттеу үшін Гүлдара Нұрым нақты үш шараны қабылдауды талап етті:

  1. Лицензиялау: Клиникалар мен агенттіктерді қатаң бақылауға алып, ашық тізілім жасау. Бұл әйелдерді мәжбүрлеу фактілерін жояды.

  2. Цифрландыру: Суррогат ана мен тапсырыс беруші арасындағы келісімшарттарды цифрлық жүйеде, нотариустар арқылы бірыңғай базаға тіркеу.

  3. Шектеу: Суррогат ана қызметін тек Қазақстан азаматтарына ғана рұқсат ету. Шетелдіктерге бұл қызметті көрсетуге толық тыйым салу.

Похожие материалы

Депутат дабыл қақты: Қазақ әйелдері шетелдіктерге бала туып беруін тоқтата ма? · Todayinfo