Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Ақмоншақтың арманы: Димаштың Еуропадағы концертіне мектеп директоры жолдама ұтып алды

«Тау ішінде» челленджіне қатысқандар арасынан екі жеңімпаз анықталып, Димаштың Еуропадағы концертіне билет ұтып  алды, деп хабарлайды Todayinfo . Димаш Құдайбергеннің халықаралық челленджі өз мәресіне жетті. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен әншінің жанкүйерлері қатысқан. Солар

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Ақмоншақтың арманы: Димаштың Еуропадағы концертіне мектеп директоры жолдама ұтып алды

«Тау ішінде» челленджіне қатысқандар арасынан екі жеңімпаз анықталып, Димаштың Еуропадағы концертіне билет ұтып  алды, деп хабарлайды Todayinfo.

Димаш Құдайбергеннің халықаралық челленджі өз мәресіне жетті. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен әншінің жанкүйерлері қатысқан.

Солардың ішінде екі адамның видеосы үздік деп танылды:

  • Астана қаласындағы №58 мектеп-гимназиясының директоры Ақмоншақ Нұртазаның оқушыларымен бірге түсірген видеосы, 
  • Димаштың чилилік жанкүйері Андреаның әсерлі орындауы көпшіліктің ықыласына бөленді.

Енді олар Димаштың  Еуропада өтетін концертіне барып, тамашалай алады.

Еске салсақ, ерекше музыкалық байқау 8–25 мамыр аралығында өтті. 26 мамыр күні Алматыда өткен фан-кездесуде қорытындысы жарияланды.

Бұған дейін әнші жеңімпазға Еуропа елдеріндегі бір концертіне билет сыйлап, ұшу мен тұру шығындарын көтеретінін айтқан еді.

Похожие материалы

Ақмоншақтың арманы: Димаштың Еуропадағы концертіне мектеп директоры жолдама ұтып алды · Todayinfo