«Достық керуені» жобасы аясында Түркістанда ақпараттық-насихаттық кездесу өтті
Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық керуені» жобасын іске асыру аясында Түркістан қаласында ақпараттық-насихаттық кездесу өтті. «Достық керуені» жобасының мақсаты – өңірлік Қазақстан халқы А

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық керуені» жобасын іске асыру аясында Түркістан қаласында ақпараттық-насихаттық кездесу өтті.
«Достық керуені» жобасының мақсаты – өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестік мүшелерінің халықпен кездесулер өткізуі, этносаралық саладағы тәуекелдердің алдын алу үшін жастар, мәдени және басқа да құрылымдар нысанындағы диалог алаңдарының жұмысына қатысу.
Жиынға қалалық ішкі саясат бөлімі, Ассамблея жастары, Жастар ресурстық орталығының өкілдері, этнос жастары қатысты.
«Достық керуенінің» спикері Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы« Қоғамдық келісім» КММ-нің басшы орынбасары Ерназар Баетов қатысушыларға елдің бірлігі мен татулығы, этносаралық татулықты сақтау бағытында сөз сөйлеп, достық негіздерін насихаттады. Кездесу барысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы, заң мен тәртіп, жұмысшы мамандықтар жылы тақырыптары да кеңінен сөз болды.
Қатысушылар да өз ойларын, ұсыныс пікірлерін ортаға салды. Жиын барысында этносаралық қатынастарды одан әрі нығайту, этносаралық келісім, жастар тәрбиесі, жат ағымдардан аулақ болу, кеңес жұмысын жандандыру туралы айтылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Похожие материалы

Туркестанская область
Түркістан облысында биыл туристерге арналған 30-ға жуық инвестициялық жоба жүзеге асады
Todayinfo Admin·

Туркестанская область
Уақытша депутаттық комиссия «Сарыағаш айналма жолы» құрылысының барысымен танысты
Жаннұр Еділбаева·

Туркестанская область
Уақытша депутаттық комиссия «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісінің құрылысымен танысты
Жаннұр Еділбаева·

Туркестанская область
Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылындағы су ұңғымаларына қатысты мәселелер талқыланды
Жаннұр Еділбаева·