Дубайда 67 қабатты үй түгі қалмай өртеніп кетті
Дубай Марина ауданындағы 67 қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Қаланың төтенше жағдайлар қызметі қызыл жалынды 6 сағат бойы өшірген, деп хабарлайды Todayinfo. Жергілікті биліктің хабарлауынша, оқиға кезінде зардап шеккендер тіркелмеген. Барлығы 764 пәтерде тұратын 3 820 тұрғын

Дубай Марина ауданындағы 67 қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Қаланың төтенше жағдайлар қызметі қызыл жалынды 6 сағат бойы өшірген, деп хабарлайды Todayinfo.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, оқиға кезінде зардап шеккендер тіркелмеген. Барлығы 764 пәтерде тұратын 3 820 тұрғын дер кезінде қауіпсіз жерге көшірілген.
Оқиға орнына шұғыл түрде жедел жәрдем бригадалары мен медициналық қызметкерлер жетті, эвакуацияланған азаматтарға медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.
Қазіргі таңда жергілікті билік өкілдері ғимараттың құрылысын жүргізген компаниямен бірлесе отырып, тұрғындарды уақытша баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешіп жатыр.
Өрттің нақты себебі әзірге белгісіз. Тергеу жұмыстары басталды.
Похожие материалы

Новости
Казахстан готовится войти в научную программу ЕС
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Идея справедливости находит широкую поддержку в обществе — председатель партии «Әділет» Айбек Дадебай
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Әділдік идеясы қоғамда барған сайын кең қолдау тауып келеді» – «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Бекзат Саттархановқа жыр арнаған түрік ақыны – Фатих Кескин
Todayinfo редакциясы·