Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Дубайға барып, төбелес шығарған Өзбекстан азаматтары өмір бойына сотталды

Біріккен Араб Әмірліктерінің соты Дубайда болған жаппай төбелеске қатысты іс бойынша Өзбекстанның сегіз азаматын өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Тағы бір айыпталушы 25 жылға сотталды. Бұл туралы Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Gazeta.uz басылымын

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Дубайға барып, төбелес шығарған Өзбекстан азаматтары  өмір бойына сотталды

Біріккен Араб Әмірліктерінің соты Дубайда болған жаппай төбелеске қатысты іс бойынша Өзбекстанның сегіз азаматын өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Тағы бір айыпталушы 25 жылға сотталды. Бұл туралы Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Gazeta.uz басылымының дерегінше, оқиға 2025 жылдың сәуір айында Дубайдағы жанармай құю бекетінде болған. Қақтығыс салдарынан екі өзбекстандық қаза тапқан. Сот талқылауының қорытындысы бойынша 21 қаңтарда сегіз азамат кінәлі деп танылып, өмір бойына сотталды.

Қазіргі уақытта Өзбекстанның тиісті ведомстволары мен дипломатиялық өкілдіктері жағдайды жан-жақты зерделеу және ел азаматтарының құқықтарын қорғау үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр.

Фото: скрин

Похожие материалы

Дубайға барып, төбелес шығарған Өзбекстан азаматтары өмір бойына сотталды · Todayinfo