Todayinfo.kz
Шоу-бизнесСмотреть все материалы

«Джей Лоның жетістігінен ақша таппақ»: Айнұр Тұрсынбаева қазақ әйелдеріне тағы курс сатуға кірісті

Танымал айтыскер, коуч Айнұр Тұрсынбаева қазақ әйелдеріне курс сатып, масштабқа шығуға кірісті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. «Масштабқа шығу үшін таланттан бұрын желание керек. Дженнифер Лопес қазіргі масштабын биші болып жүріп армандаған. Әнші Майкл Джексонның

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
«Джей Лоның жетістігінен ақша таппақ»: Айнұр Тұрсынбаева қазақ әйелдеріне тағы курс сатуға кірісті
Танымал айтыскер, коуч Айнұр Тұрсынбаева қазақ әйелдеріне курс сатып, масштабқа шығуға кірісті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
«Масштабқа шығу үшін таланттан бұрын желание керек. Дженнифер Лопес қазіргі масштабын биші болып жүріп армандаған. Әнші Майкл Джексонның қарындасы әнші Дженат Джексон ән айтқанда Джей Ло артында билеп тұрған. Сол кезде Джексондар сияқты «жұлдыз» болам деп өзіне сөз берген. Майкл сияқты кең элементтермен билей алмайды, Джаннеттікі сияқты ән айтатын кең диапазоны жоқ. Дженнифер сол сәтте өзін басқалармен салыстырып жарыспады. Ол өте ақылды шешім қабылдады. «Мен уникальный болам, өз ерекшелігімді табам, өз биігіме шығам», деді де, тек өзін жұмысқа салды», - деп жазды коуч.
Айтыскердің айтуынша, адамдардың қателігі - жетістікке жеткен адаммен өзін салыстырады. Бірақ әркімнің А нүктесі әртүрлі. «Өзімде бармен қалай максимумға шығам» деп сұрау керек. Сондай-ақ, ол өзінің курсын әлеуметтік желіде отырған барша ханымға «прогрев» жасап, қыз-келіншектердің миындағы қорқыныштардан арылтуға уәде берді.

Похожие материалы

«Джей Лоның жетістігінен ақша таппақ»: Айнұр Тұрсынбаева қазақ әйелдеріне тағы курс сатуға кірісті · Todayinfo