Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Екібастұзда көлге батып кеткен баланы денесін іздеп жатыр

Екібастұз маңындағы рұқсат етілмеген көлге түскен жасөспірім батып кетті. Оның денесі әлі табылған жоқ, деп хабарлайды Todayinfo Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. 15 жастағы бала 4 шілде күні шамамен 16:10-да Солнечный кенті маңындағы жасанды Шандықсор көлінде суға шомылып ж

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Екібастұзда көлге батып кеткен баланы денесін іздеп жатыр

Екібастұз маңындағы рұқсат етілмеген көлге түскен жасөспірім батып кетті. Оның денесі әлі табылған жоқ, деп хабарлайды Todayinfo Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

15 жастағы бала 4 шілде күні шамамен 16:10-да Солнечный кенті маңындағы жасанды Шандықсор көлінде суға шомылып жүріп, батып кеткен. Ол суға түсуге тыйым салынған орында жүзген.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жасөспірімді іздеуге жедел-құтқару жасағының алты қызметкері, екі жүзу құралы және эхолот жұмылдырылған. Қатты соққан жел іздестіру жұмыстарын қиындатып отыр.

Сүңгуірлер су астын тексеріп, іздестіруді жалғастыруда. Құтқарушылар өңір тұрғындарын рұқсат етілмеген жағажайларда шомылмауға шақырды.

Похожие материалы