«Екінші рет көмілген жазықсыз жандар»: Жангелдин ауданында қастандықтан мерт болған ерлі-зайыптыны елі ақтық сапарға аттандырды
Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бұған дейін шаруашылық ғимараттан табылған ерлі-зайыптының жерлеу рәсімі өтті деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Марқұмдарды соңғы сапарға шығарып салуға туыстары, көршілері және ауыл тұрғындары жиналды. Жерлеу рәсімі таңе

Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бұған дейін шаруашылық ғимараттан табылған ерлі-зайыптының жерлеу рәсімі өтті деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Марқұмдарды соңғы сапарға шығарып салуға туыстары, көршілері және ауыл тұрғындары жиналды.
Жерлеу рәсімі таңертең ауылдағы жергілікті зиратта өтті. Қаралы жиын ауыр жағдайда өтіп, көпшілік көз жасына ерік берді.
Әкімдіктің мәліметінше, марқұмдардың жерлеу рәсімін ұйымдастыруды олардың туыстары өз мойындарына алған.
Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесі бірдей із-түзсіз жоғалғаны хабарланған еді.
Кейін жүргізілген жедел шаралар барысында полиция ерлі-зайыптының мәйітін анықтады. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бірнеше адам анықталып, оларға іздеу жарияланды.
Қазіргі уақытта жоғалып кеткен тағы екі адамның қайда екені белгісіз. Құқық қорғау органдары оларды табуға бағытталған іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Похожие материалы

Новости
«Фридом Финанс» АҚ ҚазТАГ-пен дауды медиация арқылы реттеуге дайын екенін мәлімдеді
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Зейнетақы жинақтарына қатысты өзгеріс енгізілді
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Мемлекет басшысы Швеция Королін құттықтады
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Новое уголовное дело появилось в расследовании ДТП на Аль-Фараби
Жаннұр Еділбаева·