Todayinfo.kz
Шоу-бизнесСмотреть все материалы

«Екіжүзділік»: Баян Алагөзова дін жолында жүрген жұлдыздарды аямай сынады

Белгілі продюсер Баян Алагөзова  Qazaq Ordasy  Youtube арнасына берген сұхбатында дін жолында жүрген жұлдыздарды сынап тастады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Баян Алагөзованың сөзінше, бүгінде қоғамда радикалды ойлар айтатын адамдардың көбеюіне жұлдызда

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
«Екіжүзділік»: Баян Алагөзова дін жолында жүрген жұлдыздарды аямай сынады
Белгілі продюсер Баян Алагөзова Qazaq Ordasy Youtube арнасына берген сұхбатында дін жолында жүрген жұлдыздарды сынап тастады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Баян Алагөзованың сөзінше, бүгінде қоғамда радикалды ойлар айтатын адамдардың көбеюіне жұлдыздар да жауапты.
“Кейбір әртістеріміз көпшілікке Меккеге барғанын көрсетеді. Қасиетті қалада арнайы киімдерді киіп, “Қараңдар, мен осындамын, мен Құдайға дұға етемін, мен Меккедемін” деп суретке түсіп, оны жариялайды”, – дейді ол.
Продюсер құлшылық етіп, бес парыздың бірін орындау әр адамның жеке ісі деп есептейді.
“Бұл – ішкі мәдениет мәселесі. Сен Меккеге немесе басқа қасиетті қалаға барсаң, ешкім сенің қайда болғаныңды, қалай дұға еткеніңді немесе өзіңнің күшіңді қайдан тапқаныңды білуге міндетті емес. Бұл сенің жеке ісің, Құдаймен сөйлесуің”, – дейді ол.
Өнер иесі оны қоғамға көрсету – толық мәдениетсіздік деп атады. Оның сөзінше, кейбір адамдар, осылайша, халықтың оны мойындағанын қалап, қасиетті адамдардың қатарында тұрғанын көрсетуге тырысады. Сондай-ақ Баян Алагөзова көпшілікке өзін дін жолындағы адам ретінде көрсететін көптеген жұлдыз шариғат бойынша өмір сүрмейтінін ашық айтты.
“Кейбіреулер Меккеден оралғаннан той-думанда жүріп, ішімдікке салынады, мен бәрін білемін. Мұны “екіжүзділік” дейді және бұл туралы біреу айтуы керек”, – деді ол.

Похожие материалы

«Екіжүзділік»: Баян Алагөзова дін жолында жүрген жұлдыздарды аямай сынады · Todayinfo