Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Елден кеттім, бизнесті тартып алды»: Атыраудағы қылмысты ашқан "хакер" жігіт құзырлы орган тарапынан қудалауға ұшырап жатқанын жазды

Өзін «хакер» деп таныстырған белгісіз азамат Атырау облысында із-түзсіз жоғалған отбасыға қатысты деректерді жариялап, құзырлы органдар тарапынан қысым көріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Оның айтуынша, жоғалған отбасы мүшелерінің SIM-карталар

Автор Айғаным Нариманова··2 мин чтения
«Елден кеттім, бизнесті тартып алды»:  Атыраудағы қылмысты ашқан "хакер" жігіт құзырлы орган тарапынан қудалауға ұшырап жатқанын жазды

Өзін «хакер» деп таныстырған белгісіз азамат Атырау облысында із-түзсіз жоғалған отбасыға қатысты деректерді жариялап, құзырлы органдар тарапынан қысым көріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, жоғалған отбасы мүшелерінің SIM-карталары әлі күнге дейін мезгіл-мезгіл қолданылып отыр, ал отбасы мүшелерінің бірінің геолокациясы Өзбекстан аумағында тіркелген. Бұл ақпаратты ол ашық дереккөздерге, SIM-карталардың белсенділігін талдауға және байланыс операторларынан алынған мәліметтерге сүйене отырып жинағанын алға тартады.

Деректерді таратушы азамат мемлекеттік жүйелерді бұзбағанын, жабық базаларға қол жеткізбегенін ерекше атап өтті. Оның сөзінше, барлық мәлімет заң аясында, ашық ақпарат көздерінен алынған.

Сонымен қатар ол бұл іске қатысты күдікті ретінде Сұлтан есімді азаматты атады. Ол — марқұмдардың қызы Ақбаянның күйеуі. «Хакер» өзінде бар деректерге сүйене отырып, оқиғалардың хронологиясын да жариялаған.

Алайда осы мәліметтерді көпшілікке ұсынғаннан кейін, оның айтуынша, өзі қысымға тап болған. Әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында ол елден кетуге мәжбүр болғанын және кәсібінің тартып алынғанын мәлімдеді.

«Елден кеттім, бизнесті тартып алды», — деп жазды ол, өзіне қатысты қудалау жүріп жатқанын айтып.

Құқық қорғау органдары бұл мәлімдемелерге әзірге ресми түсініктеме берген жоқ. Бұған дейін полиция іс бойынша жедел-іздестіру және тергеу шаралары жалғасып жатқанын, тараған кез келген ақпарат заң аясында тексерілетінін хабарлаған болатын.

Похожие материалы

«Елден кеттім, бизнесті тартып алды»: Атыраудағы қылмысты ашқан "хакер" жігіт құзырлы орган тарапынан қудалауға ұшырап жатқанын жазды · Todayinfo