«Өкінішке қарай, мобильдік операторлардың тариф саясатына біз араласа алмаймыз. Дегенмен жаңа жыл қарсаңында тұрғындардың көңіл күйін түсірмеу үшін байланыс бағасын көтермеу жөнінде уақытша келіскенбіз. Қазір тарифті көтеру бойынша тиісті құжат әзірлеп жатыр. Әрине, аталған нарықта үйлестіруші ретінде олардың бұл қадамын біз құптамаймыз»,- деді ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбеков.Вице-министрдің айтуынша, өзара келіскен меморандум бойынша соңғы үш жыл бойы мобильдік операторлар байланыс тарифін көтермеген. Ал іс жүзінде баға біртіндеп өсіп жатқаны байқалады. Алайда соның есебінен ұялы байланыс сапасы жақсарып, интернет жылдамдығы артса бір жөн. Ведомство өкілдері операторлардың байланыс құнының көтерілуіне қарсы. Тарифті өсіру процедураларына кірісіп кеткен мобильдік компаниялардың өзара сөз байласуы болмауын да қадағалауға алған. Егер де жағдай өзгермесе, Қазақстанның байланыс нарығында төртінші оператор пайда болуы мүмкін. Ол үшін жиілік жолағын аштық деп отыр министрлік. Бұл бәсекелестікті күшейтуге септігін тигізбек.
Елімізде мобильді байланыс тарифі қымбаттайды
Фото: Ашық дереккөзден Қазақстанда мобильді байланыс тарифі тағы қымбаттайтын болды. Қазір операторлар дайындыққа кірісіп кеткен, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Өзара келіскен меморандум бойынша соңғы үш жыл бойы мобильдік операторлар байланыс тарифін көтермеген. КТ

Фото: Ашық дереккөзден
Қазақстанда мобильді байланыс тарифі тағы қымбаттайтын болды. Қазір операторлар дайындыққа кірісіп кеткен, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Өзара келіскен меморандум бойынша соңғы үш жыл бойы мобильдік операторлар байланыс тарифін көтермеген.
КТК арнасының мәліметінше, Цифрлық даму министрлігі елде қызмет көрсететін үш компанияның баға саясатынан араласа алмайтынын мойындап отыр.
Похожие материалы

Экономика
АҚШ-Иран тіресі: әлемде мұнай бағасы тағы қымбаттады
Айдар Керім·

Экономика
Алматы-Варшава: Открывается прямой авиарейс в Европу
Todayinfo редакциясы·

Экономика
Alstom строит депо для электровозов в Арыси: инвестиции в 50 млн евро
Todayinfo редакциясы·

Экономика
В Кызылорде заложен фундамент стекольного завода: инвестиции в 60 млрд тенге
Todayinfo редакциясы·