Елордалық оқушылар теміржол қауіпсіздігін арттыратын жоба ұсынды
Фото: ҚТЖ Елордалық оқушылар Дінмұхамед Матай мен Әмір Жәнібек теміржол инфрақұрылымының қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған «Теміржол рельстерін қосудың инновациялық технологиялары» жобасын ұсынды. Бұл туралы «ҚТЖ» компаниясында хабарлады, деп хабарлайды Todayinfo

Фото: ҚТЖ
Елордалық оқушылар Дінмұхамед Матай мен Әмір Жәнібек теміржол инфрақұрылымының қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған «Теміржол рельстерін қосудың инновациялық технологиялары» жобасын ұсынды. Бұл туралы «ҚТЖ» компаниясында хабарлады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
11-сынып оқушылары рельстерді қосудың технологиясы бойынша төрт инновациялық ұсыныс жасады. Барлық шешімдер Қазақстан Республикасында патенттер алды және Женевадағы халықаралық тіркеуге берілді. Жоба Нью-Йорктегі халықаралық олимпиадада да ұсынылды.
Әзірлемелер шу деңгейін, рельстің тозуын және апаттылықты азайтуға бағытталған, сонымен қатар пайдалану шығындарын айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді.
Компания басшылығы инженерлік тәсілге оң баға беріп, жобаны дамытуға жәрдемдесуге дайын екендіктерін білдірді.
Қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде ҚТЖ жобаны жетілдіру үшін қажетті материалдарды ұсынады, сондай-ақ Бурабай курортындағы рельс дәнекерлеу кәсіпорнына танысу сапарын ұйымдастырады. Кездесу аясында оқушылар ҚТЖ орталық мұражайына барды.
Похожие материалы

Астана
Танымал бейнероликтің кейіпкері үш жасар Әміреге Мемлекет басшысының Алғыс хаты табыс етілді
Жаннұр Еділбаева·

Астана
Оружие в квартире Nazarbayev University: полиция возбудила уголовное дело
Todayinfo редакциясы·

Астана
День Победы в Астане: Выставка военной техники и концерты
·

Астана
Астана презентовала подготовку к чемпионату мира по настольному теннису в Лондоне
Жаннұр Еділбаева·