-
- «Бухгалтерлік операциялардың бірыңғай қоймасы» жобасы енгізілді. Ұлттық білім беру базасында мемлекеттік органдармен интеграцияланған «Педагог портфолиосы» электронды модулі әзірленді.
- Сондай-ақ сатып алынатын бухгалтерлік есеп жүйелеріне бірыңғай техникалық талаптар көзделген, тәуекелдерді басқару жүйелері және тағы басқасы енгізілді.
- Іске асырылған цифрлық шешімдердің арқасында өңірлік басқармалар мен білім бөлімдері ай сайын бухгалтерлік есеп және қазынашылық жүйелерінің есебін салыстырып отырады.
- Бұдан басқа, мемлекеттік аудит органдары тарапынан жалақыны көтерумен бірге дербес және банктік деректерді бұрмалаумен ұштасқан педагогтердің еңбекақы төлеу қорынан күдікті төлемдердің қашықтан мониторингі енгізілді. Қазір әрбір төлем операциясы өзінің электронды ізін қалдырады, бұл жымқыруды аналитикалық жолмен анықтауға мүмкіндік береді.
Енді білім беруде бюджет қаржысын жымқыруға жол берілмейді – Антикор
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі білім беру саласында бюджет қаржысын жымқыруға жол бермеу үшін саланы цифрландырып жатыр. Жемқорлық тәуекеліне жүргізілген сыртқы талдау барысында бюджет қаражатын жоспарлау және игеру кезеңінде педагогтердің еңбегіне ақы төлеу

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі білім беру саласында бюджет қаржысын жымқыруға жол бермеу үшін саланы цифрландырып жатыр.
Жемқорлық тәуекеліне жүргізілген сыртқы талдау барысында бюджет қаражатын жоспарлау және игеру кезеңінде педагогтердің еңбегіне ақы төлеу қорынан бюджет қаражатын жымқыру схемалары анықталды.
Бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру процестерін автоматтандырудың, заңбұзушылықтарды бақылау және алдын алу тетіктерінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің біркелкі болмауына байланысты көптеген дерек мүмкін болған.
Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен жағдайын жою үшін білім, қаржы және цифрлық даму министрліктерімен бірлесіп, жол картасы іске асырылып жатыр.
Похожие материалы

Новости
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Новости
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·