Қазақстандық белгілі әзілкеш, халық арасында "Тука" атымен танымал Нұржан Төлендиевтің отбасында үлкен қуаныш – келін түсіріп, құда атанды. Бұл туралы ақпарат пен бейнежазбалар әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, көпшіліктің назарына ілікті,деп хабарлайды Todayinfo. Желіде тара
Қазақстандық белгілі әзілкеш, халық арасында "Тука" атымен танымал Нұржан Төлендиевтің отбасында үлкен қуаныш – келін түсіріп, құда атанды. Бұл туралы ақпарат пен бейнежазбалар әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, көпшіліктің назарына ілікті,деп хабарлайды
Todayinfo.
Желіде тараған видеоларда келінді Төлендиевтің шаңырағына танымал әнші Жазира Байырбекова алып шыққаны көрсетілген. Әнші бұл қуанышқа байланысты өз парақшасында:
«Нұржан Төлендиевтің үйіне келін түсті. Келін құтты болсын, Нұрекем. "Су жаңа ата мен ене"», – деп жазды.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл отбасылық қуанышқа жылы лебіздерін білдіріп, түрлі пікірлер қалдырды. Желіде тараған кейбір жазбаларда:
«Бізге де жұғысты болсын»
«Тукаға келін болған қандай бақытты қыз»
«Ене мен келін бір-біріне қатты ұқсайды екен»
«Келіннің тәрбие көргені көрініп тұр»
«Ұлы сымбатты, келіні онша емес екен»
деген сияқты пікірлер жазылған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Жазира Байрбек (@zhazira_bairbekova)