Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

 «Еңбек сіңірген қайраткер» атағы қоғамда дау туғызды: Жарқынай Ханайымның жауабы қандай

Танымал әнші Жарқынай Ханайымға жуырда ғана "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері" атағы берілді. Алайда бұл шешім қоғамда қызу пікірталас тудырып, әлеуметтік желілерде түрлі пікірлер айтылуда,деп хабарлайды Todayinfo . Айта кету керек, қазіргі қазақ эстрадасының т

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
 «Еңбек сіңірген қайраткер» атағы қоғамда дау туғызды: Жарқынай Ханайымның жауабы қандай
Танымал әнші Жарқынай Ханайымға жуырда ғана "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері" атағы берілді. Алайда бұл шешім қоғамда қызу пікірталас тудырып, әлеуметтік желілерде түрлі пікірлер айтылуда,деп хабарлайды Todayinfo. Айта кету керек, қазіргі қазақ эстрадасының танымал өкілдері – Мейрамбек Беспаев пен Дастан Оразбеков – бұл жоғары марапатты әлі күнге дейін алмаған. Сонымен қатар, әнші Әміре де бұл жағдайға қатысты өзінің ренішін білдірді. Әлеуметтік желі қолданушыларының арасында да Жарқынайдың бұл атаққа әлі лайық емес екенін жазғандар көп болды. Қоғамдағы сынға жауап ретінде Жарқынай Ханайым өзінің Instagram парақшасында арнайы жазба қалдырды. Ол өз сөзінде былай деп мәлімдеді7
«Күшті көңіл-күйімді қолдана отыра, соңғы оқиғаларға байланысты мені қолдаған оқырмандарыма алғысымды білдіргім келеді. Әңгіме айтқан сайын көбейе береді, сөз қуалаған сөздің түбіне жетпейді. Бақ шаба ма, бап шаба ма дейді. Осы жолы менің бағым шапқаны үшін мен біреудің алдында ақталуым тиісті емес деп ойлаймын. Себебі, барлық жер бетіндегі оқиға Құдайдың қалауымен болады. Жапырақ та оның қалауынсыз жерге түспейді. Ол үшін мен ақталуым керек деп ойламаймын. Тек жақсы нәрселерге көңіл бөлуге ниеттімін. Сіздерге де соны тілеймін», - деді ол.

Похожие материалы

 «Еңбек сіңірген қайраткер» атағы қоғамда дау туғызды: Жарқынай Ханайымның жауабы қандай · Todayinfo