«Шариғатта ғибадат істермен қатар адал кәсіп, отбасы, қоғам алдындағы жауапкершілік бірге жүреді. Алла Тағала Құранда: «Намазды оқып болғаннан соң жер бетіне тарап, Алланың нығметінен өздеріңе ырыздық-несібе іздеңдер» («Жұма» сүресі, 10-аят) деп еңбек етуге бұйырған. Ер азаматтың отбасын асырауы – ең асыл міндеттердің бірі және оның отбасы үшін жұмсаған қаражаты қайырлы садақа саналады. Қасиетті хадисте: «Адамның жұмсаған ақшасының ең қайырлысы – өзінің отбасы үшін жұмсағаны» делінген. Алла Тағала жұмыстарыңызға береке нәсіп етсін», – деді Тағанұлы.Сонымен қатар, Бас мүфти кездесуде ел игілігі үшін арнайы дұға жасап, барша еңбек етушілерге табыс тіледі. Айта кетсек, Мемлекет басшысының жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жарияланған.
Ер азаматтың отбасын асырауы – ең қайырлы садақа - Бас мүфти
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жұмыс сапарымен Павлодар облысына барып, Екібастұз қаласында орналасқан «Богатырь Көмір» ЖШС-інің қызметімен танысты,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Кәсіпорынның бас директоры Рғайбек Қайрат

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жұмыс сапарымен Павлодар облысына барып, Екібастұз қаласында орналасқан «Богатырь Көмір» ЖШС-інің қызметімен танысты,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Кәсіпорынның бас директоры Рғайбек Қайрат Рғайбекұлы кәсіпорынның жұмыс барысын таныстырған кездесуде Бас мүфти мұсылмандық құндылықтар мен адал еңбектің маңыздылығына тоқталды.
Похожие материалы

Новости
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Новости
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·