Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Ербаян Мұхтардың жағдайы: Қазақстандық дәрігерлер аяққа тұрғыза ала ма – министр жауап берді

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, Ербаян Мұхтардың жағдайы тұрақты, қазіргі уақытта қосымша медициналық оңалту қызметтерін алу үшін Ұлттық медициналық орталыққа жатқызылған,деп хабарлайды Todayinfo. «Мен бірнеше күн бұрын Ербаянның ата-анасымен кездестім.

Автор Айғаным Нариманова··2 мин чтения
Ербаян Мұхтардың жағдайы: Қазақстандық дәрігерлер аяққа тұрғыза ала ма – министр жауап берді
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, Ербаян Мұхтардың жағдайы тұрақты, қазіргі уақытта қосымша медициналық оңалту қызметтерін алу үшін Ұлттық медициналық орталыққа жатқызылған,деп хабарлайды Todayinfo.
«Мен бірнеше күн бұрын Ербаянның ата-анасымен кездестім. Ол қазір Ұлттық медициналық орталықта ем алып жатыр. Қасында әкесі бар. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде», – деді министр.
Журналистер министрден Ербаян Мұхтарды қазақстандық медицина толықтай аяққа тұрғыза ала ма деген нақты сұрақ қойды. Ақмарал Әлназарова бұл сұраққа: «Бүгінгі таңда оның диагнозы өте күрделі. Жарақатпен қатар, инфекциялық асқыну да болғанын ескеру керек. Қазір біз толықтай қосымша тексеру жүргізіп жатырмыз. Егер қажет болса, Түркияда немесе өзге елдерде емін жалғастыру мүмкіндігін ата-анасымен бірге талқыладық. Ата-анасы қазіргі таңда Қазақстанда ем алуға келісім берді. Сондықтан алдын ала нақты болжам айтудан аулақпыз», – деп жауап берді. 2023 жылдың желтоқсанында Ұлттық ұлан сапында әскери борышын өтеп жүрген Ербаян Мұхтар ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген болатын. Ресми мәлімет бойынша, ол дәретханада құлап жарақат алған. Алайда ата-анасы бұл нұсқамен келіспейді. Жас сарбаз осы уақытқа дейін 5 рет ота жасатқан. 2024 жылдың басында ол Түркияға емделуге жіберіліп, бірінші кезеңдегі емін сол жақта аяқтаған. Қазір елге оралып, Қазақстанда оңалтуды жалғастырып жатыр.    

Похожие материалы

Ербаян Мұхтардың жағдайы: Қазақстандық дәрігерлер аяққа тұрғыза ала ма – министр жауап берді · Todayinfo