Ерболат Досаев Алматы әкімі ретінде несімен есте қалды?
Соңғы үш жылда әкім Ерболат Досаевтың басшылығымен Алматы қаласы әлеуметтік-экономикалық дамуда тұрақты оң динамиканы көрсетті. Былтыр Алматы экономикасы 2021 жылмен салыстырғанда 20,7%-ға өсті. Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) 56,6%-ға артып, 2021 жылғы 17 595 АҚШ

Соңғы үш жылда әкім Ерболат Досаевтың басшылығымен Алматы қаласы әлеуметтік-экономикалық дамуда тұрақты оң динамиканы көрсетті.
Былтыр Алматы экономикасы 2021 жылмен салыстырғанда 20,7%-ға өсті. Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) 56,6%-ға артып, 2021 жылғы 17 595 АҚШ долларынан 27 557 долларға жетті.
Алматы Қазақстанның инвестициялық орталығы мәртебесін сақтап келеді. 2022-2024 жылдары қала экономикасына негізгі капиталға шамамен 5,2 трлн теңге инвестиция тартылды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 52,4%-ға көп. Биылғы қаңтар-сәуір айында негізгі капиталға 541,3 млрд теңге инвестиция тартылып, өсім 35,6% болды. Инвестиция көлемі бойынша мегаполис ел бойынша бірінші орынға шықты.
Шағын және орта бизнес қаланың экономикалық дамуының негізгі қозғаушы күші болып отыр. Шаһар экономикасындағы ШОБ үлесі 2021 жылғы 47,5%-дан 2024 жылы 60,3%-ға дейін өсті.
ШОБ секторы жұмыспен қамтудың басты көзі ретінде қала береді, мұнда қала тұрғындарының 90%-ы немесе 972,1 мың адам жұмыс істейді.
2025 жылы алғаш рет Алматы қаласының бюджеты 2,4 трлн теңгеден асты. Бұл 2022 жылдың басындағы (1 трлн теңге) көрсеткішпен салыстырғанда 2,3 есе көп. Дамуға арналған бюджет 622 млрд теңгеге дейін ұлғайып, 2022 жылғы 213 млрд теңгемен салыстырғанда 2,9 есе артты.
Биыл Алматы қаласы экономикасының қарқынды дамуы сақталып отыр. 2025 жылдың қаңтар-сәуір қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 9,1%-ға жетті.
Экономикалық өсімнің негізгі қозғаушы күштері – көлік саласы (+23,9%), құрылыс (+21,3%) және өңдеу өнеркәсібі (+17,6%).
Похожие материалы

Алматы
В Алматы открылся второй экохаб
Жаннұр Еділбаева·

Алматы
Алматыда екінші экохаб ашылды
Жаннұр Еділбаева·

Алматы
10 бағыт – бір тәсіл: Алматыдағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасында балаларға арналған құзыреттілік орталық ашылды
Жаннұр Еділбаева·

Алматы
Алматының шығыс бөлігінде Almaty Promenade жобасы жүзеге асырылады
Жаннұр Еділбаева·