Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Еркектерге бас иіп жүр, дауыстап сөйлеме»: Абай атындағы университет студент қыздардың еркіндігін шектемек болған

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 1 - курстың студент қыздарына   ер адамдармен қалай қарым- қатынас жасау керегін үйрететін жиын өткен. Ақпарат желіде тарады, деп хабарлайды Todayinfo . Желі қолданушыларының айтуынша, жиын барысында қыздарға ер адамда

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
«Еркектерге бас иіп жүр, дауыстап сөйлеме»: Абай атындағы университет студент қыздардың еркіндігін шектемек болған

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 1 - курстың студент қыздарына  ер адамдармен қалай қарым- қатынас жасау керегін үйрететін жиын өткен. Ақпарат желіде тарады, деп хабарлайды Todayinfo.

Желі қолданушыларының айтуынша, жиын барысында қыздарға ер адамдармен сәлемдескенде бас иіп, тәртіпті болу керектігі түсіндірілген.

Сонымен бірге, университет қабырғасында өткен кездесуге 1 курстың 40-50 шақты қызы шақырылып, оларға атақты ер адамдардың қыз баланың қоғамда  өзін-өзі қалай ұстауы жөнінде айтқан пікірлері қамтылған бейнеролик көрсетілген. Онда ашық киінуге, қатты сөйлеуге болмайтыны айтылып, жігіт атаулымен кездескенде иіліп тұрып, дұрыс амандасуы қажет екені ескертілген.

Бұған қатысты Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің өкілі түсініктеме берді.

«2025 жылғы 5 мамырда университет қабырғасында студенттерге арналған жалпы тәрбиелік бағыттағы кездесулердің бірі өтті. Жалпы ұлттық құндылықтарды, Абай Құнанбаевтың тәрбие философиясын дәріптейтін тақырыптардағы шаралар унивеситет қабырғасында тұрақты түрде өтеді. Осы уақытқа дейін олардың мазмұнына қандай да бір сын болған емес»,- деді оқу орнының өкілі.

Айтынша, аталмыш іс-шараның да негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастардың мәдени-әдептілік сана-сезімін арттыру және этикалық нормаларды түсіндіру болған.

«Алайда, кездесу барысында көрсетілген бейнематериал кейбір қатысушылардың тарапынан әртүрлі қабылдауға ие болып, олардың арасында біржақты пікір туғызған. Университет әкімшілігі бұл жағдайға түсіністікпен қарап, алдағы уақытта мұндай мазмұндағы материалдарды таңдауда барынша мұқият болатынын мәлімдейді. Абай университеті – зайырлы білім беру мекемесі. Біз студенттердің жеке таңдауына, еркіндігіне және пікір алуандығына құрметпен қараймыз.

Университет ұжымы студенттермен ашық диалогқа әрдайым дайын екенін және олардың пікірін ескеруге мүдделі екенін атап өтеді»,- деді университеттен.

Фото: kaznpu

Похожие материалы

«Еркектерге бас иіп жүр, дауыстап сөйлеме»: Абай атындағы университет студент қыздардың еркіндігін шектемек болған · Todayinfo