Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Ертерек өлгім келеді»: аты әлемге әйгілі боксшы шулы мәлімдеме жасады

Әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы Майк Тайсон бұрынғы баскетболшы Шакил О’Нилге сұхбат берді. Атағынан ат үркетін кәсіпқой боксшы подкастта ерекше мәлімдеме жасап, ел-жұртты бір дүрліктіріп қойды, деп хабарлайды Todayinfo . Майк Тайсонға жүргізуші «неше жасқа дейін өмір с

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
«Ертерек өлгім келеді»: аты әлемге әйгілі боксшы шулы мәлімдеме жасады

Әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы Майк Тайсон бұрынғы баскетболшы Шакил О’Нилге сұхбат берді. Атағынан ат үркетін кәсіпқой боксшы подкастта ерекше мәлімдеме жасап, ел-жұртты бір дүрліктіріп қойды, деп хабарлайды Todayinfo.

Майк Тайсонға жүргізуші «неше жасқа дейін өмір сүргіңіз келеді?» деген сұрақ қойған.

– Мен онша ұзақ өмір сүргім келмейді. Жоқ, тіпті ойламаймын да, 80-ге дейін жетпесем екен деп үміттенемін, – деп жауап қатқан атақты спортшы.

Майк Тайсон келесі жылы 60 жасқа толады. Оның туған жері АҚШ-тың Нью-Йорк штаты, Бруклин қаласы. 12 жасында бокс қолғабын киіп көрген ол небәрі 20 жасында ауыр салмақтағы ең жас әлем чемпионы атағын еншіледі. Бір жыл өтер-өтпестен Тони Таккерді сұлатып, тарихтағы ең жас абсолютті чемпион болды.

Тайсон – 58 жекпе-жектің 50-інде жеңіске жеткен (44 нокаут) спортшы. Оның соңғы жекпе-жегі былтыр қарашада өзінен 31 жас кіші блогер Джейк Полға қарсы өткен еді.

Фото: Getty images

Похожие материалы

«Ертерек өлгім келеді»: аты әлемге әйгілі боксшы шулы мәлімдеме жасады · Todayinfo