Todayinfo.kz
ОбществоСмотреть все материалы

«Ешкімнің басына бермесін»: хиджабын шешкен актриса ауыр сынаққа тап болды

Сіздің қорғаныңыз – Аллаға жақындау!

Автор Айдар Керім··1 мин чтения
«Ешкімнің басына бермесін»: хиджабын шешкен актриса ауыр сынаққа тап болды
📷 Фотоколлаж: todayinfo

Актриса Жанель Мақажан қазір өмірінде ауыр кезеңді бастан өткеріп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы.

Мұны өнер иесінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Актриса бұл сынақтың өзіне оңай тимегенін жеткізіп, рухани ем алып жүргенін жазды.

Жанель Мақажан нақты қандай жағдайға тап болғанын ашып айтпады. Дегенмен жазбасында ең ауыр соққы жақын адамнан келетінін меңзеген.

“Рухани ем алып жатырмын. Ешкімнің басына бермесін. Басымнан өтіп жатқан сынақты айтам, шошисыздар. Адам баласы сонша зұлым болады деп кім ойлаған, екі дүниеде де жазасын алсын деп тілеймін. Өкінішке қарай, ең ауыр жамандық жақыныңнан келеді екен. Сіздің қорғаныңыз – Аллаға жақындау”, – деп жазды ол.

Актрисаның бұл жазбасы желі қолданушыларын алаңдатты. Оқырмандары оған сабыр тілеп, қиындықты еңсеруіне тілектестік білдіріп жатыр.

Похожие материалы