Есікті қатты қаққан оқушыны ұрған: Шымкентте мұғалім 25 тәулікке қамауға алынбақ
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында оқушыға қол көтерген мұғалімнің ісі қаралды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Сот мәліметінше, бұл жағдай осы жылдың жылдың наурыз айында болған. Мұғалім мектеп-лицейде сабақ өтіп жатқанда оқу

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында оқушыға қол көтерген мұғалімнің ісі қаралды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Сот мәліметінше, бұл жағдай осы жылдың жылдың наурыз айында болған. Мұғалім мектеп-лицейде сабақ өтіп жатқанда оқушы сынып есігін қатты қаққан, осыған ашуланған мұғалім оған қол көтерген.
Іс материалдарында денсаулыққа ауыр зиян келтірілгені айтылмаған, алайда мұғалім кәмелет жасына толмаған оқушыға физикалық күш қолданған. Оқушының анасы мұғалімге кешірім бермей, полицияға арыз түсірген.
Оқытушыға Қылмыстық кодекстің тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау бабымен айып тағылған.
Бұл баптың санкциясы – 100 АЕК көлемінде айыппұл немесе қоғамдық жұмысқа тарту, сондай-ақ 30 тәуліктен 50 тәулікке дейін қамауға алу.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты мұғалімді кінәлі деп танып, 25 тәулікке қамаққа алу жазасын тағайындады. Өзі де кінәсін толық мойындап, істеген іс-әрекетіне шынайы өкініш білдірген.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Фото: edunews.kz
Похожие материалы

Новости
«Асыл бесік – Ақсуат» фестивалі тоғызқұмалақ турнирімен басталды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Казахстан готовится войти в научную программу ЕС
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Идея справедливости находит широкую поддержку в обществе — председатель партии «Әділет» Айбек Дадебай
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Әділдік идеясы қоғамда барған сайын кең қолдау тауып келеді» – «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай
Жаннұр Еділбаева·