Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

Мұны қалалық Төтенше жағдайлар департаменті растады, деп хабарлайды Todayinfo . – Бүгін Сарыарқа ауданында, Шығанақ көшесі маңында жүргізілген патруль кезінде 1986 жылы туған ер адамның денесі табылды. Құтқарушылар оны судан алып шығып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Алайда,

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

Мұны қалалық Төтенше жағдайлар департаменті растады, деп хабарлайды Todayinfo.

– Бүгін Сарыарқа ауданында, Шығанақ көшесі маңында жүргізілген патруль кезінде 1986 жылы туған ер адамның денесі табылды. Құтқарушылар оны судан алып шығып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Алайда, өкінішке қарай, ер адамның өмірін аман алып қалу мүмкін болмады, – делінген ресми хабарламада.

Қазір оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады:

– Рұқсат етілмеген жерлерде шомылмаңыздар; – Мас күйде суға түспеңіздер; – Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар; – Қауіпті жағдай туындаса, бірден "112" нөміріне қоңырау шалыңыздар.

Похожие материалы

Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды · Todayinfo