Еуроодақ қаржысын жымқырған: Марин Ле Пен 4 жылға сотталды
Фото: Reuters Француз соты «Ұлттық бірлестік» партиясының жетекшісі Марин Ле Пенді Еуропалық Одақ қорларын жымқырғаны үшін кінәлі деп тауып, төрт жылға бас бостандығынан айырды, оның екі жылы шартты түрде,деп хабарлайды Todayinfo. Сонымен қатар, оған бес жыл бойы сайлауға

Фото: Reuters
Француз соты «Ұлттық бірлестік» партиясының жетекшісі Марин Ле Пенді Еуропалық Одақ қорларын жымқырғаны үшін кінәлі деп тауып, төрт жылға бас бостандығынан айырды, оның екі жылы шартты түрде,деп хабарлайды Todayinfo.
Сонымен қатар, оған бес жыл бойы сайлауға қатысуға тыйым салынды, бұл оны 2027 жылғы президенттік сайлауға қатысу мүмкіндігінен айырады.
Сот Ле Пен мен оның партиясының басқа мүшелері Еуропалық Парламенттің қаражаттарын партияның пайдасына заңсыз пайдаланғанын анықтады. Ле Пен айыптауларды жоққа шығарып, апелляцияға беруді жоспарлап отыр.
Бұл үкім Францияның саяси сахнасында елеулі өзгерістерге алып келуі мүмкін, себебі Ле Пеннің сайлауға қатысуына тыйым салу оның партиясының болашақтағы стратегиясына әсер етеді.
Похожие материалы

Новости
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Новости
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·