Флорида университетінде атыс болды: анасының қаруын ұрлап кеткен студент елді қырып тастады
Фото: Reuters АҚШ-тың Флорида штатындағы Таллахасси қаласында орналасқан Флорида мемлекеттік университетінің (Florida State University, FSU) аумағында болған атыстан кемінде екі адам көз жұмып, алты адам жараланды, деп хабарлайды Todayinfo. Бұл туралы Лион округінің шерифі Уолт М

Фото: Reuters
АҚШ-тың Флорида штатындағы Таллахасси қаласында орналасқан Флорида мемлекеттік университетінің (Florida State University, FSU) аумағында болған атыстан кемінде екі адам көз жұмып, алты адам жараланды, деп хабарлайды Todayinfo. Бұл туралы Лион округінің шерифі Уолт Макнил хабарлады.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, атысты ұйымдастырған – 20 жастағы Финикс Айкнер есімді студент. Ол – осы округтегі шерифтің орынбасары қызметін 18 жыл атқарып келе жатқан Джессика Айкнердің ұлы. Шерифтің айтуынша, күдікті анасының қызметтік қаруын алып кеткен және дәл сол қару оқиға орнынан табылған.
Қаза тапқандардың арасында студенттер жоқ көрінеді, бірақ, жараланғандардың арасында студенттер бар болуы мүмкін, бірақ бұл туралы нақты ақпарат әлі жарияланған жоқ. Қауіпсіздік мақсатында университет басшылығы оқу үдерісін және спорттық іс-шараларды уақытша тоқтатып отыр.
Полициямен қақтығыс кезінде күдікті жараланып, ауруханаға түскен. Оның қазіргі денсаулығы белгісіз.
Похожие материалы

Мир
Румынияда Ресей дроны тұрғын үйге құлап, екі адам зардап шекті
Айғаным Нариманова·

Мир
Орманға жапырақ теруге барған: Үндістанда жолбарыс төрт әйелді талап өлтірді
Айдар Керім·

Мир
США и Иран достигли принципиального соглашения по Ормузскому проливу: NYT
Todayinfo редакциясы·

Мир
Решение по Ирану: Трамп назвал срок возобновления военных действий
Todayinfo редакциясы·