«Кибералаяқтардың шырмауына түсіп қалғаным рас. Мамандардың айтуынша, олар тек цифрлық технологияларды ғана емес, психологиялық ықпал ету әдістерін, тіпті гипноз әлеуетін де шебер қолданады», - деп жазды Қамзин.
Қазіргі уақытта бұл мәселемен құқық қорғау органдары айналысып жатыр. Қылмыстық схемаға әртүрлі мекемелердің ішкі деректеріне қол жеткізе алатын тұлғалар да қатысқан болуы мүмкін.
Кәкен Қамзин бұл жағдайдың салдарынан отбасымен бірге тұрып жатқан үйінен айырылып қалу қаупі бар екенін айтты. Ол бұл үйде 1983 жылдан бері тұрып келе жатқанын, осы жерде бала-шағасын тәрбиелегенін айтып күйінді.Жазбасында Кәкен Қамзин өзіне қолдау білдіріп жатқан азаматтарға, әсіресе шәкірттеріне ерекше алғыс айтты. Ол бұл жағдайдың адамгершілік пен рухани байланыстың шынайы сынағы екенін атап өтті.«Дәл осындай зауал өз басыма түседі деп кім ойлаған? Енді үйімнен айырылғалы отырмын»,- дейді ол.
«Бұл - адамгершіліктің тесті. Мың алғыс!», - деді Қамзин.
Ол өз жазбасын көпшілікке сабақ болсын деген ниетпен жариялап отырғанын айтып, әлеуметтік желідегі жалған әрі алдамшы жарнамалар мен ұсыныстарға сенбеуге шақырды.




