Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан мектеп оқушыларының чаттарында ЛГБТ-ны насихаттайтын шақырулар таралып жатқанын айтып, Үкіметке дабыл қақты, деп хабарлайды Todayinfo . Оның айтуынша, жастарды "азғындыққа" үгіттейтін бұл әрекеттер шетелден қаржыландырылып отыр. «TikTok және басқ
Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан мектеп оқушыларының чаттарында ЛГБТ-ны насихаттайтын шақырулар таралып жатқанын айтып, Үкіметке дабыл қақты, деп хабарлайды Todayinfo.
Оның айтуынша, жастарды "азғындыққа" үгіттейтін бұл әрекеттер шетелден қаржыландырылып отыр.
«TikTok және басқа платформалар арқылы балалардың санасын улау жүріп жатыр. Бұғанасы бекімеген жасөспірімдерге түрлі әдістермен ықпал етуде. Бұл БҰҰ-ның Балалар құқығы жөніндегі конвенциясына да қайшы келеді», – деді депутат.
Оның сөзінше, шетелдік ұйымдар Қазақстанға түрлі гранттар бөліп, ұлттық құндылықтарға жат идеологияны таратуда.
«Мәселен, «Феминита» дейтін ұйым тіпті мектеп оқушыларының чатына «жыныстық қатынасқа баулитын, қалай гомосексуалист, лесбиянка болу жолдарын үйрететін іс-шараға» шақырулар таратқан. Бұл – қауіпті құбылыс. Мұндай әрекеттерді заңмен тоқтату қажет»,– деп мәлімдеді Әшімжан.
Депутат билікті бұл мәселеге жедел назар аударуға шақырып, ұлттық тәрбие мен құндылықтарды қорғау үшін нақты шаралар қабылдау қажеттігін айтты.