Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Гүлмира Зербай марқұм Бейсен Құранбек жайлы алғаш рет ашық сөйледі

Қоғамда құрметке ие болған танымал журналист, тележүргізуші Бейсен Құранбектің жан жары Гүлмира Зербай алғаш рет көпшілікке сұхбат беріп, естеліктерімен бөлісті. Бұл сұхбатты тележүргізуші Дана Нұржігіт өзінің My Prime Time YouTube жобасы аясында жүргізген.Бұл туралы Todayinfo.kz

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Гүлмира Зербай марқұм Бейсен Құранбек жайлы алғаш рет ашық сөйледі
Қоғамда құрметке ие болған танымал журналист, тележүргізуші Бейсен Құранбектің жан жары Гүлмира Зербай алғаш рет көпшілікке сұхбат беріп, естеліктерімен бөлісті. Бұл сұхбатты тележүргізуші Дана Нұржігіт өзінің My Prime Time YouTube жобасы аясында жүргізген.Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі жазды. Гүлмира Зербай мен Бейсен Құранбектің отбасылық өмірі — өзара түсіністік пен құрметке негізделген бақытты өмірдің айғағы. Журналистің жары өз естеліктерінде олардың қарым-қатынасының шынайылығы мен тереңдігін ерекше тебіреніспен жеткізді.
«22 жыл бір отау болып тұрдық, бір шәй десіп көрмеппіз… Өзінің жұмысына отбасылық өмірді араластырғысы келген жоқ», — деді ол.
Сұхбат барысында Гүлмира Зербай марқұм жұбайының қарапайымдылығы мен жанашырлығын еске алды:
«Бір күні жұмыстан кейін екі қоянды әкеліп тұр. “Мен саған алтынмен аптап, күміспен күптей алмаймын. Бірақ осы сыйлығым саған, бәйбіше, осыған риза бол”, – деді. Мен риза болғанда қайда, төбем көкке жетті қуанғаннан», – деп еске алды ол.
Бейсен Құранбектің өмірден өтуі тек отбасына емес, бүкіл елге ауыр тигені сөзсіз. Бірақ жарының айтуынша, ол дүниеден өтер сәтте үлкен қыздарының көзінше кеткен, бұл жағдай балалар үшін ерекше ауыр болған.  

Похожие материалы

Гүлмира Зербай марқұм Бейсен Құранбек жайлы алғаш рет ашық сөйледі · Todayinfo