Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Халқымның қанымен байығандар»: биліктен шаршаған Қуат Хамит президенттік сайлауға түсетінін айтты

Қазақстандық кәсіби аралас жекпе-жек (MMA) файтері Қуат Хамит тағы да шулы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Todayinfo . Бұл жолы ол президенттікке үміткер болатынын айтты. «Қысқасы, 2045 жылы президенттікке түсемін деп шештім. Олар қай жерім кем? Мен ең құрығанда өз хамқымның қан

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
«Халқымның қанымен байығандар»: биліктен шаршаған Қуат Хамит президенттік сайлауға түсетінін айтты
Қазақстандық кәсіби аралас жекпе-жек (MMA) файтері Қуат Хамит тағы да шулы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Todayinfo. Бұл жолы ол президенттікке үміткер болатынын айтты.
«Қысқасы, 2045 жылы президенттікке түсемін деп шештім. Олар қай жерім кем? Мен ең құрығанда өз хамқымның қанымен байымадым», - деді ол желіде.
Сондай-ақ Қуат Хамит кейбір оқырмандарына жауап беріп, қазақстандық билікке наразылығын білдірген.
«Біздің елімізге ешқандай реформа көмектеспейді. Ұрланған байлықты қайтарып, экономикаға салу керек… 30 жыл бойы елді «ақылдылар» басқарды, қазір жемісін көріп отырмыз», - деді ол.
Еске салайық, спортшы қаңтар оқиғасы кезінде ұсталып, соққы жеген еді. Ол сонымен қатар өзінің билікке деген ашық көзқарасы үшін спорт кештерін өткізе алмай жүргенін де ашық жазды. Үнемі шулы мәлімдемелерімен ел назарында жүретін Қуат Хамит әлі күнге дейін үйленбеген. Фото: @kuat_khamitov

Похожие материалы

«Халқымның қанымен байығандар»: биліктен шаршаған Қуат Хамит президенттік сайлауға түсетінін айтты · Todayinfo