ХАМАС пен Израиль арасында тұтқындар мен кепілге алынғандарды алмасудың екінші кезеңі аяқталды
Фото: Синьхуа Бұл туралы «Қызыл крест» халықаралық комитеті мәлімдеді. Екінші кезеңде 200 палестиналық пен 4 израильдік әйел сарбаз босатылды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Палестиналық тұтқындардың кейбірі Иордан өзенінің батыс жағасына, кейбірі Газа секторына жіб

Фото: Синьхуа
Бұл туралы «Қызыл крест» халықаралық комитеті мәлімдеді. Екінші кезеңде 200 палестиналық пен 4 израильдік әйел сарбаз босатылды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Палестиналық тұтқындардың кейбірі Иордан өзенінің батыс жағасына, кейбірі Газа секторына жіберілген. Жауласушы тараптар 3 кезеңнен тұратын оқ атпау режимін 19 қаңтарда енгізген болатын. Бейбіт бітімнің бірінші кезеңі 6 аптаға созылуы тиіс. Әрі қарай Израиль Газаның халық көп шоғырланған өңірінен өз әскерін әкетуі керек.
ХАМАС пен Израиль арасындағы атысты тоқтату келісімі 15 айға созылған қақтығыстардан кейін Мысыр, Катар және Америка Құрама Штаттарының арадағы келіссөздерінің нәтижесінде қол жеткізілді делінген.
Похожие материалы

Новости
Әкелер күні мерекесіне орай футболдан шеберлік сабақ өтті
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Прокурор Zeekr жүргізушісін 10 жылға соттауды сұрады
Айғаным Нариманова·

Новости
В Туркестанской области пресечена деятельность преступной группы
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Алматыдағы жол апаты: Жәбірленуші тарап күдіктіден 100 млн теңге талап етті
Айғаным Нариманова·