Todayinfo.kz
ГлавноеСмотреть все материалы

Хиджабтағы айуан ана: төрт баласын суға лақтырған әйел қылмысқа бару себебін айтып берді

27 жастағы тәжікстандық Мадина Халимова маусым айының соңында өзенге төрт баласымен бірге секірген. Өзі аман қалса да, балалардың үшеуінің мәйіті табылып, бес жастағы үлкен қызы әлі іздестіріліп жатыр, деп Todayinfo тілшісі жергілікті БАҚ -қа сілтеме жасап хабарлайды. Қайғылы оқи

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Хиджабтағы айуан ана: төрт баласын суға лақтырған әйел қылмысқа бару себебін айтып берді
27 жастағы тәжікстандық Мадина Халимова маусым айының соңында өзенге төрт баласымен бірге секірген. Өзі аман қалса да, балалардың үшеуінің мәйіті табылып, бес жастағы үлкен қызы әлі іздестіріліп жатыр, деп Todayinfo тілшісі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды. Қайғылы оқиға бойынша әйелге "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Егер кінәсі дәлелденсе, 15 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Халимованың туыстары оның психикалық ауытқуы барын айтса, адвокаты Бехруз Алиев бұл пікірмен келіспейді. Оның сөзінше, бұл ауыр қадамға әйел күйеуін қатты қызғанғандықтан барған.
"Сол күні күйеуім көлігімен жас жұбайларды қалаға апарып тастады. Кешке үйге келгенде, көліктен гүл мен костюмді көріп, ішіме қызғаныш толды. Түнде телефонына бөтен әйелден хабарлама келді. Ашудан не істеп қойғанымды өзім түсінбей қалдым", – деген Халимова тергеу барысында.
Ол күйеуін кінәламайтынын айтты. Әйелдің айтуынша, алдымен үш баласын өзенге лақтырып, кейін төртінші баласын құшақтап өзі де секірген. Алайда өзенде әлсіреп, аман қалу үшін баласын жібере салған. Түнді орманда өткізгенін де жасырмады Кішкентай үш баланың денесі табылғанмен, Сурхоб және Пяндж өзендерінен 5 жастағы қыздың мүрдесін іздеу әлі жалғасып жатыр. 3 жастағы - Зейнаб, 2 айлық - Мухаммад және 2 жастағы - Есаминнің денелері жер қойнына тапсырылды.

Похожие материалы

Хиджабтағы айуан ана: төрт баласын суға лақтырған әйел қылмысқа бару себебін айтып берді · Todayinfo